Байқоңырда АҚШ-тың "АМС-14" жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының көктемгі бірінші ұшырылымына дайындалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда АҚШ-тың "АМС-14" жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының көктемгі бірінші ұшырылымына дайындалуда

Байқоңырда АҚШ-тың "АМС-14" жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының көктемгі бірінші ұшырылымына дайындалуда

Байқоңыр. 18 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда АҚШ-тың "АМС-14" жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының көктемгі бірінші ұшырылымына дайындалуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 18 Ақпан 2008
  • 399
Фото - Caravan.kz

Ғарыш айлағының мамандары «АМС-14» ғарыштық аппаратын алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышының наурыздың ортасына межеленген көктемгі бірінші ұшырылымына дайындалуда.

92А-50 алаңының монтаж-сынақ корпусында шетелдік мамандар 14 ақпанда ғарыш айлағына жеткізілген «АМС-14» ғарыштық аппаратының жүйелерін тексеруге кірісті. Сынақтардан кейін ғарыштық аппаратта отын құйылып, өтпелі сатымен және үдеткіш блокпен түйістіруге жіберіледі.

«Бриз-М» үдеткіш блогы 22 ақпанда жеткізіледі деп күтілуде.

Ал қазір М.Хруничев атындағы орталық мамандары ғарыштық аппаратты ғарышқа шығаратын, 13 ақпанда жеткізілген «Протон-М» зымыран тасығышының блоктары мен сатыларын жинақтауда.

Бұған қоса М. Хруничев атындағы орталығы, жалпы машина жасау жөніндегі конструкторлық бюросы мен «Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығының мамандары №200 алаңның ұшырылым кешенінің ұшыру қондырғысын дайындауда, онда 11 ақпанда «Протон-М» зымыран тасығышы мен Норвегияның «Тор-2Р» ғарыштық аппаратын ұшыраудан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышы АҚШ-тың «АМС-14» байланыс жер серігін алып 2008 жылдың 15-наурызында ұшады деп межеленген.

«АМС-14» ғарыштық аппаратын Lockheed Martin Commercial Space Systems компаниясы жасап шығарған. Жер серігі 32 транспондермен қамтамасыз етілген және Солтүстік Америка тұтынушыларын байланыспен қамтамасыз етеді. «АМС-14» 15 жыл пайдаланылуға тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті