«Республикалық бюджеттік комиссия 2008 жылы бюджет қаражатының еркін қалдығы есебінен және 2007 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке жіберілмеген кепілденген трансферт есебінен қаржыландыру үшін бірқатар республикалық бюджеттің даму бағдарламаларын қарастырып, оларды қолдады», — деп көрсетілген министрлік хабарламасында.
Баспасөз қызметінен хабарлағандай, отырыста, сондай-ақ, республикалық бюджеттің кірісінің азаюы немесе шығысының ұлғаюын қарастыратын нормативтік құқықтық актілердің жобалары қарастырылып, олар бойынша шешім қабылданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті