Қарағанды колониясында екі тұтқын екі камераласын мерт қылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды колониясында екі тұтқын екі камераласын мерт қылды

Қарағанды колониясында екі тұтқын екі камераласын мерт қылды

Қарағанды. 19-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды колониясында екі тұтқын өздерінің екі камераластарын өлтірді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қарағанды облысы бойынша қылмыстық түзету жүйесі комитетінің басқарма бастығының орынбасары Марат Абдулин.

  • 19 Ақпан 2008
  • 371
Фото - Caravan.kz

«Төтенше жағдай Қаражал ауылындағы АК 159/22 мекемесінде орын алған. Ол жерде қатаң режимдегі зона бар», — деп хабарлады М. Абдулин.

Оның айтуынша, ұрыс-керіс барысында 35 және 30 жастағы екі тұтқын тағы екі тұтқынға дене жарақаттарын салған. Жәбірленушінің екеуі де алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған.

«Олардың барлығы да аса ауыр қылмыстары үшін сотталғандар (адам өлтіру және зорлау). Әрқайсысы бірнеше рет сотталғандар. Қазіргі уақытта мекемеде ішкі тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері жұмыс істеуде», — деді М. Абдулин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті