«»Абай» шахтасының қожайынына кеншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары алынбаған жағдайда жер қойнауын пайдалану құқығын кері қайтарып алу мәселесі көтерілетіндігі жайлы ескертілді», — деді В. Божко.
Ол осы жылдың 11 қаңтарында «Абай» шахтасында болған қайғылы оқиғаның себептерін анықтау үшін құрылған үкіметтік комиссия апатқа шатыр отырып кеткен жағдайда технологиялық операцияларды жүзеге асыруда жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген осы шахтаның лауазым иелері мен қауіпсіз жұмыс істеу жағдайларын жасамаған және жұмыс орындарындағы кез-келген тәуекелдердің алдын алуға тиісті шара қолданбаған жұмыс беруші «Арселор Миттал Теміртау» АҚ бас директоры кінәлі деп тапқан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті