Қазақстанда кәсіби техникалық және қызмет көрсету салалары бойынша мамандарға сұраныс өсуде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда кәсіби техникалық және қызмет көрсету салалары бойынша мамандарға сұраныс өсуде

Қазақстанда кәсіби техникалық және қызмет көрсету салалары бойынша мамандарға сұраныс өсуде

Астана. 19 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Астана әкімдігінде өткен жиналыста білім беру департаментінің бастығы Әсима Бимендина кәсіби мамандарды даярлайтын ұйымдардың жұмысы туралы құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 19 Ақпан 2008
  • 2108
Фото - Caravan.kz

Департаменттің мәліметтері бойынша, бүгінде Астанада 32 кәсіби ұйым техникалық және қызмет көрсету саласы бойынша мамандарды даярлаумен айналысады. Оның 5 кәсіби лицей және 22 жеке меншік колледж.

Жастарға бастапқы және кәсіби орта білім беру бойынша көрсеткіштер 2000 жылмен салыстырғанда 33 пайызғы ұлғайып, 2008 жылы 24 261 оқушыны құрады.

Мемлекет тарапынан техникалық және құрылыс мамандарына деген тапсырыс өсті. Биылғы жылы мамандарды даярлауға 641 млн теңге бөлінді. Бүгінгі таңда мамандар мен мамандықтар арасында құрылыс саласының мамандарына деген сұраныс өте жоғары болып отыр.

Ә. Бимендинаның ақпараты бойынша, тұрмыстық және тұрғындарға қызмет көрсету ұйымдары бойынша қызметкерлерге сұраныс тұрақты түрде ұлғаятын болады. Политехникалық колледжінің негізінде «Интерьер дизайны, азаматтық ғимараттарды күрделі жөндеу жұмыстары» бойынша мамандар оқытылатын болады.

«Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация колледжі АҚ мен №4 лицейінің ашылуы «Lokomotiv-leasing» ЖШС (локомотивтерді құрастыру),»APPLECITY» ЖШС (көлік-логистикалық терминалы) сияқты «серпінді» жобалар бойынша қажет болатын кадр мәселесін шешуге көмек көрсетеді.

№4 кәсіби лицей газоэлектрдәнекерлеуші, қазандық машинисі, зертханашы және тағы да басқа жаңа мамандарды даярлайтын болады. Ал №1 кәсіби лицей базасында жұмысшы мамандықтарын оқытатын оқу орталығы құрылып, «Ordabasv-PST» АҚ (Nokian дөңгелек зауыты) сияқты жобалар бойынша еңбек ресурстарының сұраныстарын қамтамасыз ететін болады.

Ал №1, 2, 4, 5 кәсіби лицейлері негізінде электр дәнекерлеуші, слесарь-сантехник, көлік механигі, әмбебап токарь, лифтер, сүт өнімдерінің шебері секілді жаңа мамандықтар бойынша дәріс беріледі. Үш жаңа колледж ашылды.

Кәсіби бес лицей толық жергілікті бюджеттен қаржыландырылса, мемлекеттік колледждерге жергілікті және республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді.

2008 жылы бюджеттен 375 млн 822 мың теңге бөлінді. 62 млн 759 мың теңге оқушылардың тамақтануына жұмсалса, 22 млн 845 мың теңге стипендияға, төлемдерге, жол жүру билеттеріне, жетім оқушылардың киімдеріне бөлінетін болады.

Ә. Бимендина сондай-ақ техникалық және кәсіби білім беруді тежеп отырған бірқатар мәселелерге тоқталып өтті. № 4 и 5 кәсіби мектебінің жеке материалдық техникалық базасының нашарлығы, оқу өндірістік шеберханаларды қайта жөндеу жұмыстарының жүргізілмейтіндігі, жұмыс берушілер тарапынан техникалық және қызмет көрсету салалары бойынша дайындалатын мамандарға тапсырыс беру деңгейінің төмендігі, кәсіби өндірістік мамандықтары бойынша дәріс беретін оқытушылардың тапшылығы сияқты өзекті мәселелер әлі күнге дейін шешімін таппай отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті