В.Школьник Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрі болып тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
В.Школьник Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрі болып тағайындалды

В.Школьник Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрі болып тағайындалды

Астана. 20-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысының жарлығымен Владимир Школьник Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі болып тағайындалды және ол Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 20 Ақпан 2008
  • 489
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, мемлекет басшысының жарлығымен Ғалым Оразбақов Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрі лауазымынан босатылды.

В. Школьник 1949 жылы дүниеге келген. Мәскеу инженерлік-физикалық институтты тәмамдаған, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолын 1966 жылы Серпухов радио зауытында радио аппаратураларын реттегіш қызметінен бастаған. Институтты бітірген соң Маңғышлақ энергия комбинатына инженер-физик болып жіберілген. Кейін лаборатория бастығының орынбасары, бас инженер және директордың орынбасары болып қызмет атқарған.

1992 жылдың тамызында Қазақстан Республикасы Атом энергетикасы жөніндегі агенттіктің бас директоры болып тағайындалған. 1994 жылдың тамызынан бастап Қазақстан Республикасының ғылым және жаңа технологиялар министрі болып, 1996 жылдың наурыз айында министрлік таратылған соң Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының президенті болып тағайындалған.

1999 жылдың қаңтарынан бастап кезекті министрлік таратылған соң ғылым және жоғарғы білім министрі болып тағайындалған. Ол бұл қызметті 1999 жылдың қазанына дейін атқарған. 1999 жылдың қазан айынан 2000 жылдың 13-желтоқсанына дейін энергетика, индустрия және сауда министрі лауазымында болған.

2000 жылдың 13-желтоқсанынан 2002 жылдың 29-қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары, сонымен бірге 2006 жылдың 19-қаңтарына дейін энергетика және минералды ресурстар министрі болып қызмет атқарған. 2006 жылдың қаңтарынан 2007 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Республиукасы индустрия және сауда министрі. Ал 2007 жылдың 12-қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің жетекшісінің орынбасары болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті