Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бұл міндет үкіметте арнайы құрылған жұмыс тобына жүктелді. Мұндай тексерулер табиғатты қорғау және туристік мақсаттар арасында тепе теңдікті орнатып, басқа елдерден әсіресе Қазақстаннан саяхатшыларды белсенді түрде тартуға бағытталған.
Баспасөз қызметі хабарлағанындай, бүгінгі күнде ыстық көл аймағына кіре берісте үш экологиялық бекеті жұмыс істеуде. Олар -«Ыссык-Көл», «Қарқыра» және «Қызыл-Омпол». Қырғызстан Республикасы үкіметі жанындағы мемлекеттік орман шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау агенттігінің «Ыстықкөл» аумағы биосферасының бас дирекциясы экологиялық бекеттерге кіре берісте төлемдер алып отырады.
Ыстық көл мемлекеттік қорық учаскесіне кіре берісте ерекше қорғалатын табиғат территориясындағы режимді сақтап, облыс аумағын тиісті күзетпен қамтамасыз ету үшін, көлдің жағалауы бойында елді мекендерге жақын жатқан 9 учаскесіне тосқауылдар қойылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті