Оңтүстік Қазақстан облысында су астында қалу қаупі бар алты ауылдың тұрғындары көшірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында су астында қалу қаупі бар алты ауылдың тұрғындары көшірілді

Оңтүстік Қазақстан облысында су астында қалу қаупі бар алты ауылдың тұрғындары көшірілді

Шымкент. 20 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында су астында қалу қаупі бар алты ауылдың тұрғындары көшірілді. Бұл туралы агенттік тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.

  • 20 Ақпан 2008
  • 389
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазіргі жағдаймен 300 астам адам, соның ішінде Отырар ауданында Ақкөл ауылынан 35 отбасы (220 адам), Мирный ауылынан 13 отбасы (39 адам) көшірілді.

Шардара ауданында Сүткент ауылынан 3 отбасы (19 адам), Қызылшаруа ауылынан (Түркістан) 5 отбасы (12 адам) көшірілді.

Арыс әкімшілік аймағында Ақып Жақып ауылынан 11 отбасы (37 адам) көшірілді. Бастапқыда көшірілуге тиіс ауылдардың тізіміне енгізілген Шөгірлі ауылы жедел көшірілетіндер тізімінен шығарылды, ал осы тізімге Тақыркөл және Тоғайлы ауылдары енгізіліп, ол жерлерден тиісінше 8 отбасы (22 адам) және 9 отбасы (28 адам) қоныс аударды.

Қоныс аударған отбасылардың малдары жайылымдарға айдалды. Ол жерлерде жергілікті тұрғындарға киіз үйлер берілді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, болжам бойынша биыл Сырдарияда су тасқыны болған жағдайда Оңтүстік Қазақстан облысында 10 мың гектар аумақ су астында қалуы мүмкін. Барлығы 15 516 адам тұратын 20 елдімекенге су ішінде қалу қаупі төніп тұр. Соның ішінде қажетті жағдайда 9 407 адамды көшіру керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті