ОҚО Ордабасы ауданы орталығында 30 үй судың ішінде қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО Ордабасы ауданы орталығында 30 үй судың ішінде қалды

ОҚО Ордабасы ауданы орталығында 30 үй судың ішінде қалды

Шымкент. 28 ақпан. "Қазахстан Сегодня" - Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданы Темірлановка ауылындағы 30 үй судың ішінде қалды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 28 Ақпан 2008
  • 621
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша 27 ақпанға қараған түн Найман -арық арнасында су толып Темірлановка ауылының 30 үйін, мектеп пен орталық су құбыры судың ішінде қалды.

«Аудан әкімдігі арнадағы шлюздерді бұдан бұрын жауап тастаулары керек еді. Олар бұны жасауға міндетті, бұл олардың жауапсыздыған туындап отыр», — деді ОҚО әкімінің бірінші орынбасары Ислам Әбішев.

Оқиға орнына Сарыағаш ауданынан шұғыл көмек көрсету отряды жеткізілді. Олардың қатарында 19 адам және 7 бірлік техника, 8 адам мен 3 бірлік техникасы бар солтүстік аймақтық аэромобильдік отряды, республикалық апаттық медицина орталығының 6 қызметкері мен екі көлік бар. Сонымен қатар, Темірлановка ауылына өртке қарсы қызметінің қызметкерлері де келді.

Құтқарушылар адамдарды көшіріп, олардың мүліктерін тасып, бөгеттерді күшейтіп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті