ТМД елдерінің сыртқы істер министрлерінің кезекті отырысы қыркүйек айында Бішкекте өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД елдерінің сыртқы істер министрлерінің кезекті отырысы қыркүйек айында Бішкекте өтеді

ТМД елдерінің сыртқы істер министрлерінің кезекті отырысы қыркүйек айында Бішкекте өтеді

Бішкек. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ТМД елдерінің сыртқы істер министрлерінің кезекті отырысы қыркүйек айында Бішкекте өтеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып.

  • 1 Сәуiр 2008
  • 398
Фото - Caravan.kz

«Бұл отырыс ТМД саммиті қарсаңында 25 қыркүйекте өтеді. Оның да өтетін орны Қырғызстан астанасы. Мәскеуде аяқталған ТМД елдерінің сыртқы істер министрлерінің кеңесінде осындай шешім қабылданды. Онда төрағалық ету маған сеніп тапсырылды», — деп хабарлады дүйсенбі күні Қырғызстан Республикасының сыртқы істер министрі Эднан Қарабаев.

Э. Қарабаев хабарлағандай, Мәскеуде өткен кездесудегі күн тәртібінің бірі ретінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету концепциясы жобасы, Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы, ТМД елдерінде, оның ішінде ел-елдің ұлттық тілдерінде толық радио және телехабарлар таратуға көшу кезінде «Мир» ХТРК тиімділігін арттыру қарастырылды.

Э. Қарабаевтың айтуынша, тараптар сондай-ақ, Қырғызстанның 2010 жылы Бішкек қаласында «Бейбітшілікті күзетуші дипломатия» тақырыбына халықаралық конференция өткізу туралы ұсынысын мақұлдаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті