Қазақстан мен Қырғызстан президенттері телефон арқылы әңгімелесті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері телефон арқылы әңгімелесті

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері телефон арқылы әңгімелесті

Бішкек. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 1 Сәуiр 2008
  • 485
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Қ. Бакиевтің Қазақстандағы ресми сапары 17-18 сәуірге белгіленген.

«Бұл туралы Қ.Бакиев пен Н. Назарбаевтың 31- наурызда телефон арқылы сұхбатында талқыланды. Диалог Қырғызстан жағының бастамасымен өтті», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Екі елдің президенттері Қазақстан мен Қырғызстанның Мемлекетаралық жоғарғы кеңесінің бірінші отырысының күн тәртібін талқылады. Сондай-ақ, Қ. Бакиевтің сәуір айында Астанада болатын ресми сапары кезінде талқыланатын екі елдің ынтымақтастығын тереңдету мәселесі де көтерілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті