Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басқармасы 2008 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасын бұрынғы деңгейін сақтай отырып, жылдық 11,0% деңгейінде белгілеуге қаулы шығарды.
Ресми қайта қаржыландыру ставкасы соңғы рет 2007 жылғы 1 желтоқсаннан бастап көтерілген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті