Табиғи монополияны реттеу агенттігі монополистерге коммуналдық қызмет көрсету тарифтерін көтеруге рұқсат бермеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Табиғи монополияны реттеу агенттігі монополистерге коммуналдық қызмет көрсету тарифтерін көтеруге рұқсат бермеді

Табиғи монополияны реттеу агенттігі монополистерге коммуналдық қызмет көрсету тарифтерін көтеруге рұқсат бермеді

Астана. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Табиғи монополияны реттеу агенттігінің территориалдық басқармасы монополистерге коммуналдық қызмет көрсету тарифтерін көтеруге рұқсат бермеді. Бұл туралы бүгін агенттік тілшісіне ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады

  • 1 Сәуiр 2008
  • 598
Фото - Caravan.kz

Мәселен, Қарағанды облысының басқармасы «Оқжетпес» ЖШС қуат көздерін жеткізу және тарату қызметінің тарифтерін көтеруге рұқсат бермеді. Өйткені, олар табиғи монополия субъектілерінің тауар мен жұмыстардың тарифтік сметасы мен бекітілген тарифтік ережелерінің 8, 10 тармақтарын бұзған. «Теміртау қаласында электр қуатын жіберу және тарату қызметінің тарифтері бұрынғы деңгейде қалдырылды «, — деп атап өтті баспасөз қызметі.

ТМРА территориалдық басқармасының жүргізген тексерулері нәтижесінде «АЕS Өскемен»АҚ мен «АЭС Согринс ТЭЦ» ЖШС пайда табу мақсатында электр қуатын қайта сатып (табыс көлемі 5% құрайды) алуға тыйым салынған қызметімен айналысқандығы анықталды». «Бұл дерекке байланысты басқармадағылар табиғи монополия субъктілеріне бұл қызмет түрімен айналысуға тыйым салып, процессуалды шешім шығару үшін іс материалдарын қаржы полициясының қарауына жіберді», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, ТМРА Шығыс Қазақстан облысында электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған «Шығысэнерготрейд» ЖШС тарифтерін көтеруге тыйым салу жөнінде қорытындысын жіберді. «Субъект бәсекелес нарықта электр қуатының құнын 32,2% көтермекші болған. Сонымен 1 вКт-с ҚҚС салығынсыз бұрынғы 4,324 теңге деңгейінде қалдырылды «, — деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Бұл басқарма сондай-ақ, «ЖДВТС-Защита» ЖШС канализация жүйесі мен су шаруашылық қызметінің жаңа тарифтерін қабылдамады. » Серіктестік қолданылып отырған заң бойынша шығын баптарының арнайы тарифтер жобасының есеп қисабын көрсетпеген», — деп атап өтті баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын ТМРА төрағасының орынбасары Мұрат Оспанов 1 сәуірден бастап Қазақстан бойынша коммуналдық тарифтер бағасы көтерілмейді деп мәлімдеген болатын. Оның мәліметтері бойынша, ТМРА 1 сәуірден бастап 132 тарифті өзгерту туралы 80 арыз келіп түскен. 104 тарифке қатысты арыздар қаралмастан кері қайтарылды.

Сонымен қатар, ведомствоның ақпараты бойынша , «қарастыруға тапсырылған 28 тарифке сараптамалық және тексеру жұмыстары жүргізіліп тең жартысының тарифтері өзгеріссіз қалдырылды. Ал 14 тарифтің бағасын төмендету жөнінде шешім қабылданды. Ол субъектілердің қатарында «ҚазТрансОйл»АҚ және»Алматытеплокоммунэнерго» АҚ»да бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті