Астанада пәтер тонаушы екі грузин азаматы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада пәтер тонаушы екі грузин азаматы ұсталды

Астанада пәтер тонаушы екі грузин азаматы ұсталды

Астана. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Астанада екі Грузия азаматы пәтер тонау үстінде ұсталды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Астана қалалық ІІД-нің бастығы Серімжан Досымов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 1 Сәуiр 2008
  • 400
Фото - Caravan.kz

«Кеше біз Грузияның екі азаматын ұстадық, олардың бірі дзюдо күресі бойынша ерікті ойындар чемпионы болып табылады. Олар елімізге келген соң Теміртау қаласында тіркеуге тұрған. Біздің қызметкерлер кәнігі пәтер тонаушыларды қылмыс үстінде ұстады», — деді С. Досымов.

Оның айтуынша, олардан пәтерден ұрланған заттар, алтын бұйымдар мен қылмысты жүзеге асыруға арналған құрал-жабдықтар тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті