ТЖМ мәліметінше, 31 наурызда 23 сағат 30 минутта Бақты-Таскескен трассасында «Мерседес» және «Мазда» автокөліктері соқтығысты. «Апат салдарынан екі көлік те жанып кетті», — деп хабарлайды баспасөз қызметі. Апат салдарынан екі көліктің де жүргізушілері мен жолаушылары оқиға орнында қаза тапты. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Мазда» көлігінде отырған екі жолаушының аты-жөні анықталған жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті