Ақтөбе қаласының Сазды полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары 9 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе қаласының Сазды полиция бөлімі бастығының  бұрынғы орынбасары 9 жылға сотталды

Ақтөбе қаласының Сазды полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары 9 жылға сотталды

Ақтөбе. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе қаласының Сазды полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары 9 жылға сотталды. Ақтөбе қалалық №2 соты осындай шешім шығарды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 2 Сәуiр 2008
  • 724
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, сот шешімімен полиция подполковнигі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 103 бабы 3 тармағында (Абайсыздықта жәбірленушінің өліміне алып келген денсаулыққа әдейі ауыр залал тигізу) және ҚР Қылмыстық кодексінің 308 бабы 4 тармағында («а», «в» пункттері) (Өз өкілеттілігін асыра пайдалану) қарастырылған қылмыстарға кінәлі деп танылды.

«Сот үкімімен оған 9 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Белгіленген мерзімді сотталушы жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады», — деп хабарлады экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз хатшысы Әнуар Добрашев.

Сонымен қатар, сот полиция подполковнигінен жәбірленушінің өкілінің пайдасына 681,1 мың теңге көлеміндегі материалдық шығынды, сондай-ақ, 5 млн теңге көлеміндегі моральдық шығынды өндіріп алу туралы шешім қабылданды. Үкім заңдық күшіне енгізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті