Ақтөбе полициясы 28 Тәжікстан азаматын ел аумағынан шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе полициясы 28 Тәжікстан азаматын ел аумағынан шығарды

Ақтөбе полициясы 28 Тәжікстан азаматын ел аумағынан шығарды

Ақтөбе. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе полициясы ел аумағынан қайыршылықпен айналысып жүрген бір топ адамды шығарды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ақтөбе облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 2 Сәуiр 2008
  • 399
Фото - Caravan.kz

«Бұлар негізінен 5-6 жас шамаларындағы 20 бала мен 8 ересек адамдар. Ересектердің үшеуі ер адам, қалғандары әйелдер», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің инспекторы Ерболат Сарқұлов.

Оның айтуынша, «Тәжікстан азаматтары Ақтөбеге бірнеше күн бұрын келіп, мұнда ұзақ уақыт аялдамақ болған. Ол үшін олар пәтер жалдап алған».

«Алайда, олардың құжатарын тексере келе біз олардың миграциялық карточкаларында көрсетілген сапар мақсатымен сәйкессіздіктерді анықтадық. Атап айтқанда, шетелдіктер мұнда жеке сапармен келдік деп көрсеткен. Ал шындығында олар қайыршылықпен айналысқан», — деп атап көрсетті баспасөз қызметінің инспекторы.

Ақтөбе қаласының соты Тәжікстан азаматтары туралы істі қарап, оларды ел аумағынан шығарып жіберу туралы шешім қабылдады. Содан кейін олар «Ақтөбе — Маңғыстау» пойызымен депортацияланды, деп атап көрсетті департаменттегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті