Мәжіліс "БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес конвенциясын бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс  "БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес конвенциясын бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес конвенциясын бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады

Астана. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен отырыста "БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес конвенциясын бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 2 Сәуiр 2008
  • 479
Фото - Caravan.kz

«Конвенция трансұлттық сипаттағы қылмыстардың алдын алу, тексеру және қылмыстық тектеу үшін қолданылады», -делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

«Конвенцияға қатысушы мемлекет басқа мемлекеттің аумағында, басқа мемлекет органдарының құзырындағы функцияларды жүзеге асыру құқығына ие бола алмайды», — делінген құжатта.

Конвенцияда қатысушы мемлекеттердің құзырлы органдары тарапынан өзара көмек көрсету тәртіптері мен шарттары айқындалады. Құзырлы органдар қылмыстық-құқықтық мәселелерге қатысты ақпараттарды егер олар басқа мемлекеттің қылмыстық істі тексеріп, табысты аяқтауына қажет болған жағдайда алдын-ала сұрау салмай-ақ, өзара алмаса алады.

Конвенция аясында кәсіби мамандарды бірлесіп дайындау, сондай-ақ, өзара техникалық көмек көрсету көзделген.

Конвенция БҰҰ Бас ассамблеясының 2000 жылдың 15 қарашасындағы 55-ші сессиясының резолюциясы негізінде қабылданған, оны 100 мемлекет бекітті.

Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті