Қырғызстан Республикасында қуат көздері нысандарын жекешелендіруге шетелдік төрт компания мүдделілік танытып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан Республикасында қуат көздері нысандарын жекешелендіруге шетелдік төрт компания мүдделілік танытып отыр

Қырғызстан Республикасында қуат көздері нысандарын жекешелендіруге шетелдік төрт компания мүдделілік танытып отыр

Бішкек. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан Республикасында қуат көздері нысандарын жекешелендіруге шетелдік төрт компания мүдделілік танытып отыр. Бұл туралы бүгін Қырғызстан Республикасының премьер министрі Игорь Чудинов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 2 Сәуiр 2008
  • 481
Фото - Caravan.kz

Премьер-министрдің айтуынша, бүгінгі күні ол шетелдік компаниялардың аттарын айта алмайды, өйткені Қырғызстанда ресми түрде жекешелендіру басталғаны жөнінде ақпарат жарияланған жоқ. И. Чудинов атап өткеніндей, бүгінде қуат көздері нысандарының өзіндік құны мен табыс мөлшерлері есептеліп, бағаланып жатыр.

Премьер-министрдің пікірінше, Қырғызстанның энергетикалық саласы сыртқы және ішкі инвестициясыз дами алмайтын жағдайға келіп тірелуде. Осыған байланысты жылу және электр қуаты тарифтері қымбаттап жатыр деп түсіндірді ол.

И. Чудинов хабарлағанындай, үкімет тарифтерді көтеретін бес жылдық бағдарламаны әзірлеп жатыр. Оның сөздері бойынша бұл жұмысты жасау маңызды, өйткені электр қуатының бағасын сатылы түрде, біртіндеп көтеру керек.

2008 жылы электр қуатының құны 12 % көтеріліп, 1 кВт-с 62 тыйыннан 71 тыйынға дейін көтеріледі деп жоспарланған, ал ыстық су 20 % өседі.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша алда болатын жылу кезеңі кезінде ЖЭО тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оның жөндеу жұмыстары мен құрал жабдықтарына 1,7 млрд сом қажет. Тарифтерді көтеру арқылы үкімет бұл қаржының бір бөлігін табуға үміттенуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті