«Егер біз бұл заң жобасын биыл қабылдай алсақ, бұл жұмыстар келесі жылдан бастап жүзеге асырылады», — деді С. Тұңғышбеков.
Оның айтуынша, қазір Ауыл шаруашылығы министрлігі басқа да мүдделі министрліктермен бірлесіп, «заң жобасын жасауда, оған сәйкес, ауылдық жерлерде жұмыс істеуге келіп жатқан денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, әлеуметтік қамтамасыздық саласы мамандарына әлеуметтік қолдау қоржыны ұсынылады».
«Бұл қаржы баспана сатып алуға, ауылдық жерлерге көшу шығындарын өтеуге және үй шаруашылығын құруға арналады», — деді С.Тұңғышбеков.
Оның айтуынша, ауылдық жерлерде аталған санаттағы мамандардың тапшылығы 26 мың адамды құрайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті