«Ұялы телефон көрсеткіштері бойынша 1 наурызда біз 12,5 млн санына жеттік. Бұл ұялы байланыс абоненттері жөніндегі статистика, яғни сатып алынған сим-карталар көрсеткіштері «, — деп атап өтті А. Бишіғаев. Ол айтқанындай олардың арасында «байланыс телефонын нақты пайдаланатындар саны 8 млн адамды, немесе, 75 % құрайды».
Қазақстанда ұялы байланыс телефонын пайдаланушылар саны қарапайым телефон байланысын тұтынатындар санынан әлдеқайда артық. Мұндай жағдай әлемдегі елдердің кейбіреулерінде ғана кездеседі. Мамандардың айтуынша бұл ұялы байланыс нарығының тиімді экономикалық жағдайы мен елдімекендер арасындағы үлкен қашықтықтардың болуынан туындап отыр.
Агенттік төрағасының орынбасары айтқанындай, жалпы Қазақстанда телефонның тығыздығы бойынша 100 тұрғынға 20 номер қарастырылған. Оның сөздері бойынша Қазақстанда сандық телефон желілерінің деңгейі 80 % құрайды.
«Бұл ТМД елдері үшін жаман көрсеткіш емес, бірақ дамыған елдерде аналог жүйесіндегі байланысы деген ұғым бұрыннан бері жойылған «, -деп атап өтті А. Бишіғаев.
«Қалалар толық сандық желісіне көшірілген. Алайда, ауылдық жерлерді сандық телекоммуникацияларын, яғни аудан орталықтарынан шалғайдағы ауылдарға орнату жағынан қиыншылықтар туындауда. Әрине, олардың арасындағы қашықтықтардың тым ұзақ екендігі белгілі, сондықтан бұл мәселені шешу үшін ірі көлемде инвестициялар қажет», — деп түсіндірді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті