Өткен тәулікте Сычуаньда қуаты 3,9 баллға дейінгі 219 қайталанған тербелістер тіркелген - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен тәулікте Сычуаньда қуаты 3,9 баллға дейінгі 219 қайталанған тербелістер тіркелген

Өткен тәулікте Сычуаньда қуаты 3,9 баллға дейінгі 219 қайталанған тербелістер тіркелген

Алматы. 30 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Өткен тәулікте Сычуаньда 3,9 баллға дейінгі 219 қайталанған тербелістер тіркелген, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Синьхуа" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 30 Мамыр 2008
  • 540
Фото - Caravan.kz

ҚХР Мемлекеттік сейсмология басқармасынан хабарлағандай, 28 мамыр күні күндізгі сағат 12.00 мен 29 мамыр күнгі сағат 12.00 аралығында 12 мамыр күнгі жер сілкінісінен ең көп зардап шеккен Вэньчуань (Сычуань) уезінде Рихтер бағамы бойынша 3,9 баллға дейінгі 219 қалдық жер тербелістері тіркелген. Ал 4 баллдан жоғары сілкіністер болмаған.

«29 мамыр сағат 12.00-дегі мәлімет бойынша эпицентрі Вэньчуань уезінде болған жойқын жер сілкінісінің құрбандарының саны 68 516 адамға дейін ұлғайды. 365 399 адам жарақат алса, 19 350 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында. Зардап шеккен адамдарды жалпы саны 45 546 065 адамды құраса, олардың 15 146-сы эвакуацияланған», — деп көрсетілген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті