ҚазМұнайГаз ҰК АҚ-ның президенті болып Серік Бүркітбаев тағайындалды (кеңейтілген нұсқа) - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚазМұнайГаз ҰК АҚ-ның президенті болып Серік Бүркітбаев тағайындалды (кеңейтілген нұсқа)

ҚазМұнайГаз ҰК АҚ-ның президенті болып Серік Бүркітбаев тағайындалды (кеңейтілген нұсқа)

Астана. 30 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚазМұнайГаз ҰК АҚ-ның президенті болып Серік Бүркітбаев тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 30 Мамыр 2008
  • 672
Фото - Caravan.kz

Ұлттық компанияның жаңа президентін Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов таныстырды.

«Самұрық» холдингінің директорлары кеңесінің шешімімен Серік Бүркітбаев ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясының президенті болып тағайындалды», -деді Кәрім Мәсімов оны компания ұжымына таныстыра отырып.

«Серік Минаварұлы сіздердің саладағы белгілі адам. Ол бүгінге дейін «Самғау» холдингін басқарып келді, ел президентінің кеңесшісі болып жұмыс істеді, ҚазМұнайГазда ұзақ уақыт қызмет етті, көлік және коммуникация министрі болды және басқа да маңызды қызметтер атқарды», — деп түсіндірді ол.

«Сізге мемлекет басшысының кезекті рет сенім артуы компания алдында, еліміздің бүкіл мұнай-газ саласының алдында тұрған тапсырмаларды шешуге көмектеседі деп ойлаймын», — деп атап көрсетті К. Мәсімов.

Өз кезегінде, С. Бүркітбаев ҚазМұнайГаздың алдында тұрған тапсырмалар асырып айтпаса да, өте жоғары екенін атап көрсетті. «Мен компания жұмысының басты бағыттарымен таныспын және одан сыртқары жұмыс істей жүріп, ҚазМұнайГаздың қызметіне деген қызығушылығымды жоғалтқан жоқпын. Барлық жобаларына қатысып, талқылауға тырыстым. Тапсырмалардың, мақсаттардың сабақтастығы деген бар. Біз алдымызға қойылған тапсырмаларды бірлесе отырып, шешетін боламыз», — деді ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының жаңа президенті.

«Самұрық» холдингінің басқарма төрағасы Қанат Бозымбаев ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясының жаңа президентіне алғашқы тапсырма ретінде «компанияның тұрақтылығын сақтауға және оның бұрынғы басшылығының алдарына қойған бағыттарының сабақтастығын қамтамасыз ету» тілегін білдірді.

Үкімет басшысы ҚазМұнайГаз ҰК АҚ-ның бұрынғы президенті Ұзақбай Қарабалинге тындырған жұмысы үшін алғыс айтты.

«Ұзақбай Сүлейменұлы ҚазМұнайГаз ҰК АҚ-ның президенті болып істеген жылдарда компания расында да тек Қазақстанда ғана емес, жалпы Еуразиялық кеңістіктегі «мұнайгаз чемпионына» айналды», — деді Кәрім Мәсімов.

«Мен Сізді барлық осы істеген жылдарыңызға ырзашылығымды білдіріп, Сіздің осы компанияда жұмысыңызды жалғастыруда табыс тілегім келеді», — деп толықтырды ол.

Ұ. Қарабалин премьер-министрдің оның жұмысын жоғарғы бағалағанына ырзашылығын білдіріп, телефон арқылы болған әңгімеде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та оның осы жылдары жасаған жұмысын жақсы бағалағанын хабарлады. «Мен бұны сіздермен бөліскім келеді. Өйткені, бұл жұмыс бір адаммен емес, бүкіл ұжым болып жасалды», — деді Ұ. Қарабалин.

50 жастағы Серік Бүркітбаев Мәскеу инженерлік-физика институтын бітірген, түрлі жылдарда «Қазақтелеком» АҚ-ның президенті, ҚР көлік және коммуникациялар министрі, ел президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. Кейінгі жылдары Қазақ мұнай және газ институтының директоры болып істеді. 2008 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен «Самғау» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ басқармаларының төрағасы болып тағайындалды.

ҚазМұнайГаз ҰК АҚ Қазақстан президентінің жарлығымен 2002 жылы мұнайгаз кешенінің тиімді әрі транспарентті дамуын қамтамасыз ету және мұнайгаз секторында Қазақстанның мүддесін қорғау мақсатында құрылды. «ҚазМұнайГаз» 100% мемлекеттің үлесімен «Қазақойл»АҚ мен «Транспорт Нефти и Газа» АҚ-ның мұрагері болып табылады.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз» мұнай және газ конденсатын өндіру көлемін 9%-ға — 4,4 млн тоннаға дейін ұлғайтты. 2008 жылы мұнай және газ конденсатын өндірудің жалпы көлемі 17,4 мың тоннаны құрайды деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті