Қытайдағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге берілген көмек 37,3 млрд юаньнан асты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге берілген көмек 37,3 млрд юаньнан асты

Қытайдағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге берілген көмек 37,3 млрд юаньнан асты

Алматы. 30 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қытайдағы жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарға берілген ақшалай және материалдық көмек көлемі 37,3 млрд юаньнан асты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Синьхуа" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 30 Мамыр 2008
  • 426
Фото - Caravan.kz

«29 мамырдағы мәлімет бойынша Қытайдың жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен оңтүстік-батыс аудандарына көмек ретінде отандық және шетелдік донорлардан келіп түскен ақшалай және материалдық көмектің жалпы көлемі 37,307 млрд юаньге жетті. Атап айтқанда, есепшоттарға келіп түскен сома 27,99 млрд юань болса, зардап шеккен аудандарға жіберіліп қойған ақшалай және материалдық көмек 10,403 млрд юаньді құрады», — деп хабарлайды «Синьхуа».

Ақпарат көзінің мәліметтеріне сүйенсек, 29 мамырдағы мәлімет бойынша, Қытайдағы барлық деңгейлердегі үкіметтер елдің жер сілкінісінен қираған аудандарына 20,938 млрд юань (шамамен $2,99 млрд) бөлген. Атап айтқанда, орталық бюджеттен 16,686 млрд юань, ал жергілікті бюджеттен 4,252 млрд юань бөлінген.

ҚХР Коммерция министрлігінен хабарлағандай, 27 мамырдағы мәліметтер бойынша, Қытайдағы шетел капиталының қатысуымен жұмыс істейтін кәсіпоырндар және трансұлттық корпорациялар, сондай-ақ, Сянган, Аомэнь және Тайвань инвестициясының қатысуымен құрылған кәсіпорындар Қытайдың жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарына жалпы сомасы 3,159 млрд юаньді құрайтын ақша және зат түріндегі көмек қолын созған.

Өз кезегінде Қытайдың Қызыл крест қоғамы және оның жергілікті бөлімшелері жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарға 1,856 млрд юань (шамамен $265 млн) көлеміндегі ізгілік көмегін көрсеткен.

«Статистикалық мәліметтер бойынша, сейсенбі күнгі 18.00-дегі жағдай бойынша Қытай Қызыл крест қоғамы отандық және жергілікті донорлардан 3,725 млрд юань көлеміндегі ақшалай және материалдық көмек алған. Ал осы қоғамның жергілікті бөлімшелері — 6 ,105 млрд юань көлеміндегі көмекті қабылдаған», — деп көрсетілген «Синьхуа» хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті