Батыс Қазақстан облысында кедендік бақылау департаментінің 12 қызметкері тәртіптік жауапқа тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында кедендік бақылау департаментінің 12 қызметкері тәртіптік жауапқа тартылды

Батыс Қазақстан облысында кедендік бақылау департаментінің 12 қызметкері тәртіптік жауапқа тартылды

Астана. 30 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысының прокуратурасының нұсқауымен кедендік бақылау департаментінің 12 қызметкері тәртіптік жауапқа тартылды, деп хабарлады агенттік Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 30 Мамыр 2008
  • 439
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, заңсыз кәсіпкерлік қызметіне қолдау көрсеткені үшін кеден қызметкерлері жауапқа тартылды, соның ішінде жетеуі сыбайлас жемқорлық жағдайына апаратын заң бұзушылықтарын жасаған.

Прокурорлық тексерулер бойынша, ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің балық шаруашылығы комитеті тарапынан берілетен тиісті құжатының жоқтығына қарамастан, балықты тасымалдауға рұқсат етіліп, тауарларды шығару сертификаттарынсыз, бағасы белгіленген кедендік құннан төмендетіліп көрсетілген 147 кедендік жүк декларациясының рәсімделгендігі анықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті