Бүгін 04 сағат 14 минутта Шахтинск қаласында (Қарағанды облысының) «Тентек» шахтасында 6 адам жұмыс істеп жатқан забойда кенеттен көмір мен газ метаны шықты. Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша «07 сағатта шахтаның ішінде жұмыс істеген 100 адамның 95 адам сыртқа шығарылды».
Апаттың салдарын жою жұмыстарына «Көмір» РМК бөлімшелері, апаттан құтқару қызметінің әскерилендірілген орталық штабы РМКК,( Шахтинск қаласының 4 бөлімшесі, Қарағанды қаласының 4 бөлімшесі), ҚР ТЖМ Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл әрекет ету тобы (үш адам және бір арнайы техника), 6 медициналық көмек көрсету қызметі ( 6 адам және 2 бірлік арнайы техника) жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті