Үкімет басшысы "МаңғыстауМұнайГаз" акцияларын мемлекеттік меншікке сатып алу жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы "МаңғыстауМұнайГаз" акцияларын мемлекеттік меншікке сатып алу жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды

Үкімет басшысы "МаңғыстауМұнайГаз" акцияларын мемлекеттік меншікке сатып алу жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов "МаңғыстауМұнайГаз" акцияларын мемлекеттік меншікке сатып алу жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды. Бұл туралы ол бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 2 Маусым 2008
  • 398
Фото - Caravan.kz

«Акциялардың 51%-дан кем емес бөлігін қысқа мерзімде мемлекеттік меншікке сатып алуды аяқтау қажеттігін тағы бір еске саламын» — деді үкімет басшысы.

Ол мемлекеттік қоржынға Павлодар мұнай өңдеу зауытының акциялары міндетті түрде қамтылуға тиіс екенін атап өтті. «Сонымен қатар Павлодар мұнай өңдеу зауытының жанармай мен авиакеросин өндіру көлемін ұлғайту мәселесін де қарастыру қажет» — деп тапсырды Кәрім Мәсімов.

«Қаржы жұмсап, жанармай мен авиаотынмен қамтамасыз ету мәселесін шешу қажет», — деді ол.

«Бұл мәселе негізсіз ұзаққа созылып кетті. Оның атқарылуы туралы бір аптаның ішінде маған хабарлауды тапсырамын», — деді үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті