«Бүгінгі таңда жолаушылардың билетсіз жүргені және оларды билетсіз тасымалдағаны үшін айыппұл қарастырылған. «Билетсіз жүргені үшін» деген сөзді алып тастап, тек жолаушыларды билетсіз тасымалдағаны үшін ғана айыппұл салу керек», — деді Н. Есенғарин.
«Жолсеріктің көмегінсіз билетсіз жолаушы вагонға қалай кіре алады? Сондықтан заңнан «билетсіз жолаушы» деген түсінікті түгел алып тастау қажет», — деп түсіндірді ол. «Мен билетсіз алып жүргені үшін жолсерікке ғана айыппұл салынғанына қол жеткіземін. Алайда, билетсіз жүргені үшін жолаушыға айыппұл салынбауы тиіс. Себебі, жолсеріксіз ол вагонға кіре алмайды», — деп толықтырды қауымдастық президенті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті