Таразда тергеу изоляторының қылмыскердің қашуына жәрдемдескен қызметкерлері сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда тергеу изоляторының қылмыскердің қашуына жәрдемдескен қызметкерлері сотталды

Таразда тергеу изоляторының қылмыскердің қашуына жәрдемдескен қызметкерлері сотталды

Тараз. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Таразда ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Ерғали Қырықбаевтың қашуына жәрдемдескен тергеу изоляторының қызметкерлері сотталды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Жамбыл облысының прокурорының бірінші орынбасары Берік Құлтасов хабарлады.

  • 2 Маусым 2008
  • 495
Фото - Caravan.kz

«Прокуратура сотталғандардың қашуына ықпал еткен тергеу изоляторының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты үкімнің шығарылуына қол жеткізді», деді Б. Құлтасов.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Жамбыл облыстық басқармасының №13 тергеу изоляторында жұмыс істей жүріп, Ж. Аманжолов пен Р. Нұрфазылов өздерінің қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланып «Қырықбаевтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының белсенді мүшесі, 2007 жылдың 14 тамызында Жамбыл облыстық сотының үкімімен қасақана кісі өлтіргені үшін 18 жылға бас бостандығынан айырылған Ерғали Қырықбаевтың қашуына ықпал еткен.

Ж. Аманжолов ҚР Қылмыстық кодексінің 308-бабының 2-тармағы бойынша сотталды. Ол жазасын 2 жыл бойы жалпы режимдегі түзету колониясында өтейтін болады. Сонымен қатар, ол мемлекеттік, оның ішінде құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан бостандыққа шыққаннан кейін 3 жылға айырылды.

Р. Нұрфазылов ҚР Қылмыстық кодексінің 308-бабының 1-тармағы бойынша 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын жалпы режимдегі түзету колониясында өтейтін болады. Сонымен қатар, ол мемлекеттік, оның ішінде құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан бостандыққа шыққаннан кейін 2 жылға айырылды. Тергеу изоляторының бұрынғы қызметкерлері Ж. Аманжолов пен Р. Нұрфазыловқа қатысты сот үкімі заңдық күшіне енді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті