Алматыда пара алған аудандық ішкі істер департаментінің тергеушісі ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда пара алған аудандық ішкі істер департаментінің тергеушісі ұсталды

Алматыда пара алған аудандық ішкі істер департаментінің тергеушісі ұсталды

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда аудандық ішкі істер департаментінің тергеушісі пара алған жерде ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 2 Маусым 2008
  • 631
Фото - Caravan.kz

«30 мамырда Алматыда ІІД жеке қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті алаяқтық дерегіне қатысты қылмыстық жауапқа тартпау үшін өзінің кабинетінде $500 мөлшерінде пара алған кезде АІІД тергеушісін қолға түсірді», — деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, баспасөз қызметі хабарлағанындай, «28 мамырда Петропавловск қаласында ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері, көлікті жылдамдықтан асырып жүргізгендігіне қатысты әкімшілік материалды толтырмау үшін жол полициясының инспекторына 5 мың теңге мөлшерінде пара бергені үшін жеке кәсіпкерді құрықтады».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті