ҚР биылғы жылы электр қуатының тапшылығы 200 МВт -тан асады-Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР биылғы жылы электр қуатының тапшылығы 200 МВт -тан асады-Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

ҚР биылғы жылы электр қуатының тапшылығы 200 МВт -тан асады-Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

Алматы. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасында биылғы жылы электр қуатының тапшылығы 200 МВт -тан асады деп болжанып отыр. Бұл туралы 30 мамырда "Электрэнергетика саласының даму болашағы мен жағдайы" тақырыбына арналған энергетиктердің IV Республикалық кеңесінде сөз сөйлеген ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің көмір өнеркәсібі және электрэнергетиканың даму департаменті директорының орынбасары Владимир Клякин мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 2 Маусым 2008
  • 883
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі 82-84 мдрд кВт-с электр қуатының техникалық мүмкіндіктері биылғы жылы 200 МВт тапшылығына әкеледі. Электр қуатының тапшылығы әсіресе, Қазақстанның Оңтүстігінде қатты сезіледі, онда электрстанциялардың барлық мүмкіндіктері жұмылдырылып, оның тапшылығы орталық Азия елдері мен Солтүстік Кавказдан жеткізілетін электр қуаты есебінен қамтамасыз етіліп отыр», — деп атап өтті В. Клякин.

Оның сөздері бойынша Қазақстанда электр қуатының тұтыну көлемінің ұлғаюы болжануда және 2009 жылы электр қуатын өндіру көлемінің ұлғаюы тоқтатылады.

Осыған орай ЭМРМ өкілі хабарлағанындай, 2015 жылға дейін электрэнергетика саласын дамыту жөніндегі шаралар бойынша, «122 жаңа электр станциясының құрылысын салу және 23 қуат көздерін жаңартып жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр».

В. Клякин еске салғанындай, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қалпына келетін қуат көздерін пайдалануды қолдау туралы» ҚР заң жобасын дайындады. Оны қабылдағаннан кейін, 2024 жылға қарай қалпына келетін қуат көздерінен жылына 10 млрд кВт-с қуатты шығаруға мүмкіндік болады.

ЭМРМ ақпараты бойынша, Қазақстанда қуат көздерін шығару мүмкіндіктері жетерлік. Мысалы, техникалық мүмкіндіктерді пайдалана отырып 3 млрд кВт-с жел қуатын өндіруге болады, ал теориялық жағынан су энегетикасындағы мүмкіндіктер жылына 170 млрд кВт -с құрайды.

Бұдан бұрын хабарлағанындай, ЭМРМ өткен жылы қуаттылығы 5 МВт пилотты жел электрстанциясының құрылысын Жоңғар қақпасында тұрғызу жобасына кірісті.

ЭМРМ мәліметінше, 2008 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда электр қуатын тұтыну көлемі 23 млрд кВт-с құраса, шығару көлемі 22,8 млрд кВт-с жетті. Бұл өткен жылдағы көрсеткіштермен салыстырғанда 9,3% және 6,9% жоғары. Өткен жылы электр станцияларында шығарылған қуат мөлшері 6,7% ұлғайып, 76,3 млрд кВт-с құрады. Ал электр қуатын тұтыну деңгейі 76,4 млрд кВтс жетіп, 6,5% көтерілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті