«Активтерді қайта құрылымдау саясаты дәйектелді, ол таяу уақыттарда компаниялардың директорларының кеңесіне олардың өзіндік қайта құрылымдау бағдарламаларын жасауда басшылыққа алу үшін таныстырылады», — деді Қ. Бозымбаев.
Оның айтуынша, «жеті компанияның жиынтық активтері құрылымында 300-ден астам еншілес ұйымдар бар». Бұл ретте, «»ҚазМұнайГаз» ҰК»АҚ мен «»Қазақстан темір жолы» ҰК құрылымында еншілес компаниялардың, соның ішінде салалық емес компаниялардың саны өте көп».
«Алдын-ала талдау көрсеткендей, «ҚазМұнайГаз» ҰК»АҚ құрылымында шамамен 190 компания бар, оның 40% басты бағытына жатпайтын компаниялар санатына жатқызылған», — деді Қ. Бозымбаев.
Оның айтуынша, холдинг «компаниялардың активтерінің құрылымын реттеу процессінде белсенді роль атқаратын болады, өйткені, өз бағытына жатпайтын қызмет түрлері компанияның ресурстарын негізгі операциялық іс-қызметтен басқа бағытқа бұрып жібереді».
Қ. Бозымбаевтың түсіндіруінше, 2008 — 2010 жылдары «басты бағытқа жатпайтын 100 жуық компанияны сату көзделуде».
«Біздің қаржы министрлігімен келісімімізге сай, қаржылық жағынан тұрақты әрі табысты салалық емес компанияларды біз қор нарығында сататын боламыз», — деді «Самұрық» басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті