ҚР ЭМРМ басшысы Қашаған кенішін игеруге дайындау бюджетіне қатысты келіссөздер 30 маусымға дейін аяқталады деп үміттенеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ЭМРМ басшысы Қашаған кенішін игеруге дайындау бюджетіне қатысты келіссөздер 30 маусымға дейін аяқталады деп үміттенеді

ҚР ЭМРМ басшысы Қашаған кенішін игеруге дайындау бюджетіне қатысты келіссөздер 30 маусымға дейін аяқталады деп үміттенеді

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев Қашаған кенішін игеруге дайындау бюджетіне қатысты келіссөздер 30 маусымға дейін аяқталады деп үміттенеді. Бұл туралы маинистр бүгін журналистерге хабарлады.

  • 3 Маусым 2008
  • 387
Фото - Caravan.kz

«Қазір жұмыс бабындағы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Біз оны 30 маусымға дейін аяқтаймыз деп ойлаймын», — деді С. Мыңбаев.

ҚР ЭМРМ басшысы осы келіссөздердің барысында » Қашаған кенішін игеруге дайындау бюджетіне қатысты мәселелер талқыланып жатқанын» еске салды. «Біз олар эксперименттік фаза бойынша 31 маусымға дейін егжей-тегжейлі бюджетті береді деп келістік. Олар оны бізге берді, біз өз қарсылықтарымызды білдірдік», -деді министр.

«Қазір осы келіспеушіліктер талқылануда», — деді ол.

«Ал өнім өндіре бастау жылдарына қатысты мәселе — жоба бюджетінің бір құрамды бөлігі. Егер өнім өндіру мерзімі кейінге шегерілетін болса, онда ол көп нәрсеге әсер ететіні түсінікті. Қазір осы көп мәселенің жайы талқыланып жатыр», -деді С. Мыңбаев.

«Мен қазір келіссөздердің нәтижесіне алын-ала түсініктеме бере алмаймын, 30 маусымға дейін аз ғана уақыт қалды», — деді ҚР ЭМРМ басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті