Қазақстан парламенті шекаралық аумақтарда туристік визаларды өзара мойындау туралы Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы келісімді бекіту туралы заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан парламенті шекаралық аумақтарда туристік визаларды өзара мойындау туралы Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы келісімді бекіту туралы заңды қабылдады

Қазақстан парламенті шекаралық аумақтарда туристік визаларды өзара мойындау туралы Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы келісімді бекіту туралы заңды қабылдады

Астана. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы Қазақстан Республикасымен шекаралас Қырғызстан аудандары - Ыстықкөл, Талас және Чу облыстарында, Қазақстанның Қырғызстанмен шекаралас аймақтары - Алматы және Жамбыл облыстарының аумағында, Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының үшінші елдердің азаматтарына берген туристік визаларын өзара мойындау туралы келісімді бекіту туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Маусым 2008
  • 441
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, келісімде екі мемлекеттің үшінші елдердің азаматтары үшін берген туристік визалары өзара танылатын Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралық аумақтары нақты айқындалған.

Әр тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес үшінші елдің азаматтарына берілген сол елдің аумағына келу, сонда болу және шығуға арналған туристік визалар олардың иелеріне аталған шекаралық аймақ аумағында, шетел азаматтарының баруына тыйым салынған аумақтардан өзге жерлерге көп жақты өткізу пункттері арқылы виза уақытында ешбір кедергісіз кіріп-шығуға құқық береді.

Келісімге 2007 жылдың 26 сәуірінде Бішкекте қол қойылған.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті