Онда республика президентін, парламент пен муниципалдық органдарға сайлау науқанын жүргізу уақытын 120 -дан 75 күнге дейін қысқарту қарастырылған. Сондай-ақ, республика президенттігіне үміткерлерді тіркеу үшін қажетті сайлаушылар қолы 50 мыңнан 40 мыңға дейін азайтылды.
Сонымен қатар, өзгертулерге сәйкес президенттікке үміткерлердің сайлау қоры 10 млн манатқа ($12,19 млн, $1 = 0,8201 манат) дейін ұлғайтылды, ал депутаттықтан үміткерлердің қоры 500 мың манатқа дейін көтерілді ($609,7 мың).
Өзгертулерге сәйкес, қоғамдық телерадиокомпаниялардан басқа мемлекеттік телерадиокомпанияларда сайлау алдындағы үгіт-насихатты жүргізуге болмайды. Телевидение мен радио ақылы өткізілетін үгіт-насихат науқаны «Жарнама туралы» заңға сәйкес жүргізіледі
Өзгертулерге дауыс бергендер арасында біреуі «қалыс қалып», үшеу «қарсы болып», жүзі «қолдады».
Әзербайжанның сайлау кодексі ел парламентінде 2003 жылы қабылданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті