Парламент 2008 жылға арналған республикалық бюджетке енгізілетін түзетулерді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент 2008 жылға арналған республикалық бюджетке енгізілетін түзетулерді қабылдады

Парламент 2008 жылға арналған республикалық бюджетке енгізілетін түзетулерді қабылдады

Астана. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне 2008 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Маусым 2008
  • 379
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп, заң парламентте қабылданды деп танылып, мемлекет басшысының қол қоюына ұсынылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, нақтылаулармен 2008 жылға арналған республикалық бюджеттің кіріс бөлігі 29,9 млрд теңгеге, шығыс бөлігі 153 млрд теңгеге ұлғаяды.

Бюджет тапшылығы Жалпы ішкі өнімге шаққанда 1,4%-дан 2,1%-ға дейін ұлғаймақ. Сөйтіп, бюджеттің шығыс бөлігі үшін қосымша 123 млрд теңге, соның ішінде 2007 жылғы бюджеттің 21 млрд теңге көлеміндегі қалдығы табылды. Нақтылауларға сәйкес, Жалпы ішкі өнімнің өсімі 2008 жылы 5,3% құрап, ақшалай 15 трлн 640,6 млрд теңгені құрамақ.

Сөйтіп, енгізілген түзетулерге сәйкес, 2008 жылғы республикалық бюджеттің жоспарлды түсімдері 2 трлн 729,7 млрд теңге болмақ. Шығыс бөлігі 3 трлн 64,1 млрд теңге көлемінде жоспарланған.

Бастапқыда 2008 жылғы республикалық бюджет мынадай параметрлермен бекітілген болатын: түсімдер 2 трлн 694 млрд 732,3 млн теңге, шығыстар 2 трлн 905 млрд 236,2 млн теңге, тапшылық 210 млрд 503,9 млн теңге немесе Жалпы ішкі өнімге шаққанда 1,4%.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті