Иранда жеті мұнай өңдеу зауытының құрылысы салынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иранда жеті мұнай өңдеу зауытының құрылысы салынуда

Иранда жеті мұнай өңдеу зауытының құрылысы салынуда

Алматы. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Иран мұнай және газ өңдеу өндірістерінің қуатын күніне 1,5 млн баррельге жеткізу үшін жеті мұнай өңдеу зауытының құрылысын салуда. Бұл туралы Иранның ұлттық мұнай өңдеу және тарату компаниясының директоры (National Iranian Oil Refining and Distribution Company, NIORDC) Аминолла Эскандари сенбі күні мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Иранның Fars News ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

  • 3 Маусым 2008
  • 590
Фото - Caravan.kz

«Жеті мұнай өңдеу зауытының құрылысы 15 млрд евро ($23,22 млрд) көлеміндегі инвестияциядан басталды. Мұнай және газ өңдеу қуаттылығы шамамен 1,56 млн баррельге ұлғаяды», — деді А. Эскандари.

Иран әлемдік мұнай өңдеуші көшбасшы елдердің арасында төртінші орында. Алайда, елде өңдеу өндірістерінің тапшылығына байланысты ірі көлемдегі жанармайды сатып алып, артынан оны субсидиялы бағаға сатады. 2006 жылы Тегеран өңдеу өндірістерінің қуатын қазіргі күніне 1,65 млн баррельден 3,3 млн баррельге дейін өсіру мен модернизациялауға бағытталған сан миллиардтық 5-жылдық бағдарламаны жүзеге асыра бастады.

А. Эскандаридің айтуынша, жеті мұнай өңдеу зауыты 2012 жылы іске қосылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті