Шымкентте кәсіпкерлер өз нысандарына кіре алу мәселесін шешу үшін аштық жариялауды көздеп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте кәсіпкерлер өз нысандарына кіре алу мәселесін шешу үшін аштық жариялауды көздеп отыр

Шымкентте кәсіпкерлер өз нысандарына кіре алу мәселесін шешу үшін аштық жариялауды көздеп отыр

Шымкент. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте кәсіпкерлер өз нысандарына кіре алу мәселесін шешу үшін аштық жариялауды көздеп отыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі жергілікті Отырар телеарнасына сілтеме жасай отырып.

  • 25 Маусым 2008
  • 481
Фото - Caravan.kz

Телеарнаның хабарлауынша, сот шешімімен «Базар» АҚ аумағындағы 36 сауда павильонын жабуға мәжбүр болған. Павильон иелері бүгін өз нысандарына кіру мәселесін талап етіп, қарсылық акцияларын өткізді. Кәсіпкерлер егер жағдай орнынан жылжымаса аштық жариялаймыз деп қорқытып отыр.

Осы сауда нысандарының иелері мәселені шешу үшін қалалық және облыстық әкімдіктерге, Шымкенттің Әл-Фараби ауданының прокуратурасына шағым жолдаған. Алайда, көріп отырғанымыздай, еш нәтижеге қол жеткізе алмаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті