ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысының Жезқазған қаласында (Жезқазған — Сатпаев тас жолының 3-ші шақырымында) 24 маусымда 08 сағат 30 минутта «Мерседес» жүргізушісі көлігін аударып алды. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның төрт жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Бұған қоса, Жамбыл облысының Қордай ауданында (Алматы — Ташкент тас жолының 168-ші шақырымы) 24 маусымда 01 сағат 30 минутта «Тойота» жүргізушісі көлігін аударып алды. Жол апаты салдарынан үш адам оқиға орнында қаза тауып, жүргізуші мен бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды (барлық зардап шеккендер Қырғыз Республикасы азаматтары).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті