«Кейінгі екі жылда Астанадағы ауаның жағдайын экологиялық тұрғыда аса қолайсыз деп сипаттауға болады. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың өткен мерзімі де осы жайттан хабар береді, өйткені, атмосфера ауасының ластану индексінің шамасы ағымдағы жылдың 4 айында 9,31 бірлікті құрады», — деді Д. Қаржаспаев.
Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан баспасөз баянына сәйкес, кейінгі 10 жылда атмосфера ауасының ластану индексі 1,5-нан 4,3 бірлікке дейін өскен.
«Кейінгі жылдарда қала тұрғындарының санымен қатар автокөліктің саны да артты. Егер 2000 жылы қалада 40 мыңнан астам көлік болса, 2007 жылы олардың саны 200 мыңға жақындады», — деді Д. Қаржаспаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті