«Біз жеміс және көкөніс жеткізу, оларды өндіру және өңдеу, жылыжайлар салу мәселлерін талқылаймыз. Сондай-ақ, біздің қытайлық серіктестер түрлі шаруашылық салаларына, тіпті Шардарадағы балық питомнигінің базасында тұщы судағы асшаян өсіру секілді сан алуан салаларда инвестициялық қызығушылық танытуда», -деді «Оңтүстік» ӘКК директоры Асқар Мырзахметов.
Бүгін жалпы отырыс өтіп, оның барысында «Оңтүстік» ӘКК іс-қызметінің тұсаукесері өткізіледі. Сондай-ақ, «Қазақстандағы инвестицияларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау», «Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі Қытайдың 0 инвестицияялық тәжірибесі», «Батыс-Шығыс бағытындағы тьасымалдардың тиімділігін арттыру» атты сессиялар өтіп, Қытайдың бизнес-құрылымдарымен ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері талқыланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті