Маңғыстау облыстық әкімшілігінің қызметкерлеріне қатысты қозғалған қылмыстық іс заңсыз деп танылды - әкімдік - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облыстық әкімшілігінің қызметкерлеріне қатысты қозғалған қылмыстық іс заңсыз деп танылды - әкімдік

Маңғыстау облыстық әкімшілігінің қызметкерлеріне қатысты қозғалған қылмыстық іс заңсыз деп танылды - әкімдік

Алматы. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облыстық әкімшілігінің қызметкерлеріне қатысты қозғалған қылмыстық іс заңсыз деп танылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Маңғыстау облысының әкімінің аппаратының хабарламасына сілтеме жасай отырып.

  • 26 Маусым 2008
  • 394
Фото - Caravan.kz

Облыс әкімінің аппаратынан хабарланғандай, 24 маусымда Интернетте Маңғыстау облысының әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 307 бабы 2 тармағы (лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғалғаны жайында ақпарат жарияланған болатын.

Осы хабарламаға сәйкес, әкімдік қызметкерлері мемлекет мүдделеріне қайшы келе отырып, «Маңғыстау» АҚ акцияларының бір бөлігін үшінші тұлғаларға сатқан-мыс. Алайда, облыс әкімінің аппараты хабарлағандай, қылмыстық істі қозғау туралы қаулыны Маңғыстау облысының прокуроры биылғы жылдың 20 маусымында заңсыз деп таныған және қылмыстық іс қозғалмаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті