2008 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі жылдық 10,5 пайызды құрамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2008 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі жылдық 10,5 пайызды құрамақ

2008 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі жылдық 10,5 пайызды құрамақ

Алматы. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының "ҚР Ұлттық банкі туралы" заңына сәйкес Ұлттық банк басқармасы 2008 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін жылдық 10,5 пайыз мөлшерінде бекіту туралы шешім шығарды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 26 Маусым 2008
  • 417
Фото - Caravan.kz

«Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін төмендету қаржы нарығындағы табыстың азаюына алып келуі керек. Бұл банк секторының несиелік белсенділігіне жәрдемдесуге ықпал етіп, экономиканың өсуіне әсерін тигізеді», — деп атап көрсетті баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті