Қазақстан "Кедендік одақ комиссиясы туралы келісімді бекіту жөніндегі" заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан "Кедендік одақ комиссиясы туралы келісімді бекіту жөніндегі" заңды қабылдады

Қазақстан "Кедендік одақ комиссиясы туралы келісімді бекіту жөніндегі" заңды қабылдады

Астана. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Кедендік одақ комиссиясы туралы келісімді бекіту жөніндегі" заңға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 26 Маусым 2008
  • 568
Фото - Caravan.kz

Келісімде кедендік одақтың комиссиясын Кедендік одақтың тұрақты жұмыс істейтін өңірлік органы ретінде құру қарастырылған. Комиссияның басты мақсаты кедендік одақтың жұмыс істеуі мен дамуына қолайлы жағдайлар жасау.

Комиссия «кедендік одақтың жоғарғы органы қабылдаған шешімдерді орындап, кедендік одақты құру жөніндегі келісімдердің орындалуына мониторинг жүргізеді, өз құзыреті аясында халықаралық келісімдердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етіп, тараптарға кедендік одақ аясындағы дауларды ЕурАзЭҚ сотына дейін реттеуге қолдау көрсетеді».

Комиссия шешімдері тараптар үшін міндетті сипатта.

Келісімге сәйкес, комиссияда тараптар арасындағы дауыс былай бөлінеді: Беларусь Республикасы — 21,5%, Қазақстан Республикасы — 21,5%, РФ — 57%.

Келісімге Беларусь Республикасы , Қазақстан Республикасы мен РФ мемлекет басшылары 2007 жылдың 6 қазанында Душанбеде қол қойған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті