Т. Майердің айтуынша, меморандумға сәйкес, Еуропалық қайта құру және даму банкі жергілікті корпоративтік секторды, соның ішінде жылжымайтиын мүлік, туризм, бөлшек сауда, энергетика, қуат үнемдеу, коммуналдық шаруашылық салаларын қайта құрылымдау процессіне септігін тигізеді.
Еуропалық қайта құру және даму банкі бұған қоса қаржылық қызмет көрсету секторының дамуына, олардың бәсекелестік қабілетін көтеруге, корпоративтік басқаруды жақсартуға көмектеседі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті