Люксембург Қазақстанды стратегиялық серіктес ретінде қарастырады - премьер Юнкер - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Люксембург Қазақстанды стратегиялық серіктес ретінде қарастырады - премьер Юнкер

Люксембург Қазақстанды стратегиялық серіктес ретінде қарастырады - премьер Юнкер

Астана. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Люксембург арасында стратегиялық серіктестік байланыс орнатылуға тиіс. Бұл туралы бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жүзбе-жүз келіссөздер барысында Люксембург премьер-министрі Жан-Клод Юнкер мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 26 Маусым 2008
  • 622
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан мен Люксембург арасында стратегиялық серіктестік байланыс орнатылуға тиіс екені айқын», -деді Жан-Клод Юнкер. Ол «Қазақстанның өңірдегі шешуші ойыншы екенін» атап өтті. «Меніңше, Қазақстан тұрақтылық пен орнықтылықтың тұтынушысы емес, өңірдегі осы тұрақтылықтың генераторы», -деді Люксембург премьер-министрі.

Люксембург үкімет басшысы «Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасауы республиканың дамуына тың серпін береді» деп сенеді. «Менің пайымдауымша, бұл төрағалық Қазақстан үшін ұлы сәт болмақ, өйткені, сіздің өңірдің мемлекеті алғаш рет ЕҚЫҰ-ына төраға болады», — деді ол.

Қазақстан мен Люксембург арасындағы тауар айналымы 2007 жылы $9,6 млн жетіп, 2006 жылмен салыстырғанда 1,5 есе өсті. Люксембургтен Қазақстанға электрлік техникалық жабдықтар, тоқыма өнімдері мен металл импортталады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Люксембург тарапынан Қазақстанға жұмсалған инвестициялардың көлемі $103 млн болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті