«Люксембург Еуропаның жүрегі ретінде кездейсоқ таңдалған жоқ. Қазақстанда біздер де премьер-министр Жан-Клод Юнкердің сапарын Еуропаның Қазақстанмен арадағы екі жақты қарым-қатынасты дамытуға деген жарқын ниетінің көрінісі ретінде бағалаймыз», — деді мемлекет басшысы. «Бұл сапар Люксембургпен арадағы қарым-қатынасты дамытуға ғана емес, Қазақстан мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығына да тың серпін береді деп сенемін», — деді ол.
Назарбаев «қазір Еуропалық Одақтың Қазақстан үшін №1 сауда серіктесі екенін» атап өтті. «Біз жалпы ЕО-пен және әрбір ЕО мүше елмен жеке байланыстырымызды нығайта түспекпіз», -деді президент.
«Жуырда біз Парижде президент Саркозимен бірге Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойдық. Біз енді Еуропалық Одақтың әрбір мемлекетімен осындай келісімге келгіміз келеді», — деді ол.
Өз кезегінде Люксембург үкімет басшысы Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты кеңейтуден мүдделі екенін атап өтті. «Біз Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан ел екенін және ілгерілеушілікке қарай жылжи түскенін көріп отырмыз», -деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті