АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі ұлттық есірткіні бақылау зертханасына сұйықтық хроматографын сыйға тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі ұлттық есірткіні бақылау зертханасына сұйықтық хроматографын сыйға тартты

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі ұлттық есірткіні бақылау зертханасына сұйықтық хроматографын сыйға тартты

Алматы. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джон Ордвей ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының Есірткіні бақылау жөніндегі ұлттық зертханасының қолдануына сұйықтық хроматографын тапсырды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 27 Маусым 2008
  • 456
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, сұйықтық хроматографы есірткімен халықаралық күрес және заңдылықты сақтау жөніндегі бағдарламаның аясында берілген. Ол бағдарламаның мақсаты Қазақстандағы есірткі саудасымен күрес. Құралдың жалпы құны 98 мың АҚШ долларын құрайды.

«Сұйықтық хроматографы сарапшыларға материалдарға талдау жүргізе отырып, заңсыз заттардың өте аз бөлігін де анықтауға мүмкіндік береді. Бұл құралды тапсыру есірткі саудасымен күрес ісінде Қазақстан мен Құрама Штаттардың ынтымақтастығының тағы бір мысалы болып табылады», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті