Худжанд тұрғыны жержаңғақ салынған дорбада героин партиясын Новосибирск қаласына алып шығуға әрекет жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Худжанд тұрғыны жержаңғақ салынған дорбада героин партиясын Новосибирск қаласына алып шығуға әрекет жасады

Худжанд тұрғыны жержаңғақ салынған дорбада героин партиясын Новосибирск қаласына алып шығуға әрекет жасады

Худжанд. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Худжанд әуежайының кеден қызметінің қызметкерлері осы қаланың тұрғынын жержаңғақ салынған дорбада 1 килограмнан аса героин партиясын Новосибирск қаласына алып шығып сатуға әрекет жасаған жерінен құрықтады, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Азия-Плюс" Ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

  • 27 Маусым 2008
  • 469
Фото - Caravan.kz

Тәжікстан үкіметінің жанындағы кеден қызметінің Согди өңірлік басқармасы бейсенбіге қараған түні қшақ жолаушыларының қол жүгі мен жүгін тексеру кезінде 46 жастағы Худжанд тұрғынының жүктерінің арасынан жержаңғақ салынған полиэтилен дорбаның ішінен ерекше иісі бар ұнтақ затты тапты.

Зертхана тексерулері оның салмағы 1 кг 161 грамм героин екенін анықтады.

Бұл дерек бойынша Тәжікстанның Қылмыстық кодексіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті