Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Фархад Шаймұратұлы Қуанғанов Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды».
Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысының өкімімен Әшімжан Сүлейменұлы Ахметов басқа жүмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметінен босатылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті